Фортепиано бөлімі. Меңгерушісі Махмутова Татьяна Федоровна 8 705 115 3245.

 Фортепиано бөлімі мектеп құрылғаннан бері жұмыс істейді. Балаларды аспапта ойнауға үйретуде мұғалімдер атақты орыс пианистер мектебінің дәстүрін ұстанады және Қазақстан композиторлар шығармашылығын насихаттау бойынша белсенді жұмыстар жүргізеді. Қазіргі уақытта  бөлімді Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі Махмутова Татьяна Федоровна басқарады. Оқушылардың Халықаралық, республикалық, қалалық байқауларда жүлделі орындарға ие болуы фортепиано бөліміндегі аспаптық орындаушылық деңгейің айтарлықтай жоғары екенін дәлелдейді. Бөлімде тәжірибелі оқытушылар Латышова Л.В., Сеитова К.Т., Кегенова М.Ж., Пак Л.Г., Кузина Н.Г., Жусупова А.Т., Жұмағалиева Ш.М., Зиминова Т.Ю., және т.б. оқытушылармен қатар, Қаз ҰУ-дің түлектері-жас оқытушылары да жұмыс істейді.

Ішекті аспаптар бөлімінің меңгерушісі Гайзер Ольга Арнольдовна 8 701 452 0534

   Мектептің іргетасы қаланған уақыттан бастау алған ішекті аспаптар бөлімін қазіргі таңда Гайзер Ольга Арнольдовна басқарады. Бөлімнің тәжірибелі оқытушылары Т.И. Есіркепов, Т.М. Кузнецова, сонымен қатар жас оқытушылар жеке және ансамбльдік тәрбие жұмысының дәстүрін сақтауда. Бірнеше рет қалалық байқаулардың, халықаралық интернет-байқаулардың лауреаттары атанған жас скрипкашылар мерекелік концерттердің, қалалық іс-шаралардың белсенді қатысушылары. Ол үшін ұстаздар қауымы Астана қаласы Білім басқармасы әкімшілігінен бірқатар алғыстарын алды.

Қазақ халық аспаптар бөлімі. Бөлім меңгерушісі Зайнуллинова Айгүл Есентайқызы 8 701 417 9925

   Мектеп ашылғаннан бері қазақ халық аспаптар бөлімі жұмыс істеп келеді. Жыл өткен сайын ұлттық аспаптарда ойнауды үйренгісі келетін балар көбейіп келеді. Бөлімде 400 астам бала домбыра, қобыз, қылқобызда ойнауды үйреніп, орындаушылық шеберліктерін шыңдап, домбырамен ән салуға мамандануда. Соңғы жылдары оқушылар көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді.   Қазақ халық аспаптар бөлімінің оркестр, домбырашылар ансамбльдері, солистері қалалық, республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдерде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр.

Вокал-хор бөлімі. Меңгерушісі Сабикова Әлия Амантайқызы 8 775 951 1512

  Мектептегі вокалдық-хор бөлімі үлкен бөлімдердің бірі. Онда  300ден астам бала оқиды. Барлық мұғалімдер балалармен белгілі бір жүйе бойынша жұмыс істейді, сонымен бірге жұмыстың жаңа формаларын үнемі іздестіреді. Мектебіміздің хор ұжымдары қалалық, республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдардың тұрақты жеңімпаздары болуы жетекшілердің кәсіби шеберлігінің айғағы. 2023 жылы Алматы қаласында өткен хор ұжымдары арасындағы республикалық жас музыканттар байқауында А.А. Клименконың жетекшілігімен «Фреска» үлгілі хоры Бас жүлдені жеңіп алып, республикаға танымал хормейстерлердің жоғары бағасына ие болды. Хор топтарының жетекші оқытушылары Кизима Э.В., Атамбаева Ж.Г., Құрмангожинова Ж.У. үнемі қалалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, түрлі қалалық шараларға қатысады. Вокал мамандығының оқушылары қалалық, республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері.

Орыс халық аспаптар бөлімі. Меңгерушісі Гайзер Ольга Арнольдовна 8701 452 0534

Орыс халық және үрмелі аспаптар бөлімінде оқитындар саны аз болғанымен мұнда да айтарлықтай жетістіктері бар. Бикбов Т.К., Пирназаров Р.М., Гайзер О.А. сияқты мұғалімдердің оқушылары бірнеше мәрте беделді қалалық, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары атанды. Сауриков Д.М. жетекшілік ететін «Golden sax» саксафоншылар ансамбілі де көптеген байқаулардың жеңімпазы.

Музыкалық және теориялық пәндер. Бөлім меңгерушісі Картечева Ирина Викторовна 8 701 600 48 58

Музыкалық және теориялық пәндерді жақсы білмейінше, орындаушылық өнердегі табысқа жету мүмкін емес. Музыка теориясы бөлімінің оқытушылары жұмыстың жаңа формалары мен әдістерін үнемі іздестіреді. «Қазақ музыка әдебиеті» және «Сольфеджио» мектебінің базасында әзірлеген бағдарламалар бойынша оқыту сәтті жүргізілуде. Бөлім ұстаздары Жумабаева Ш.А., Кузенбаева Ш.А., Кизима Э.В., Климова Н.В., Клименко А.А. тсс оқушылары қалалық және республикалық теориялық олимпиадалардың жүлдегерлері.