Скрипка Ансамблі

Кузнецова Т.М.скрипка және ансамбль сыныбының жоғары санатты мүғалімі. Педагогикалық өтілі 38 жыл. Білімі жоғары.

2021 жылдан бастап Астана қаласының №2 Роза Бағланова атындағы скрипка сыныбының мүғалімі болып жұмыс атқарады  . Скрипка ансамбілінің жетекшісі. Қалалық іс-шараларға белсенді қатысады.Халықаралық, республикалық ,қалалық байқауларға қатысып жүлделі болды.

«Балдәурен» халық аспаптар оркестрі

«Балдәурен» халық аспаптар оркестрі. Жетекшісі: Стамғазы Архат Жеңісұлы. Осы оркестрде жетекші ретінде 2 ші жыл жұмыс жасап жатыр.

Жетісьіктері: Ғазиза Жұбанованың 95 жылдығына арналған “ЖасStar” 4 ші республикалық музыкалық өнер байқауы 2 орын (Ақтөбе)

Оркестрда Домбыра, Қобыз, Жетіген, Шаңқобыз, Флейта, Виолончель, Ұрмалы аспаптар бар. Оркестр репертуарында Қазақ күйлері және Шетел шығармалары бар.

«Жас Өрең» домбырашылар ансамблі

«Жас Өрең» домбырашылар ансамблі 2013 жылы қаланған. Көптеген іс-шараларына қатысып  қалалық  республикалық , халықаралық                байқауларының жүлдегері. Ұжымның жетекшісі Ниханбаева Карлыға Жумахановна күйшілік мектептердің орындаушылық , көркемдік , ерекшеліктерін толық сақтай орырып, қазіргі заманауи талабына сай күрделі шығармаларын тыңдаушыларға жеткізуді мақсат етеді.

2013- 2022 жж. «Шаттық»   қалалық байқаудын Алтын  Күміс, Қола медальдардың иегері

2021 «Жас талап» » қалалық байқаудын лауреаттары

 2020 – 2021 жж  – Балалар музыка және өнер мектептері оқушылары арасында Н.Тілендиев атындағы Республикалық «ӨЗ ЕЛІМ» байқауы, Домбырашылар ансамблі жүлделі орындарға ие болды. 2022 жаңа оқу жылынан бастап ансамбілдің жетекшісі

Хор және вокал

Сабикова Әлия Амантайқызы хор және вокал пәнінің мұғалімі.  Чайковский атындағы музыкалық колледж жанындағы балалар хор музыка мектебін бітірген.  П.И.Чайковский атындағы музыкалық колледж, хордың білікті дирижері.  Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Музыкалық білім үздік.  ПМУ-де сабақ берді.  Торайғыров 2005 жылдан бастап  2018 жылдан бері Роза Бағланова атындағы балалар музыка мектебінде сабақ береді.  Шәкірттері халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегерлері.

Халық аспаптар бөлімі

Халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі, домбыра сыныбының оқытушысы.

Мектебіміздің ең ауқымды бөлім. Бөлімде – домбыра, дәстүрлі ән, қобыз, қылқобыз, жетіген, сыныптары  қамтылған. Бөлімде 33 мұғалім қызмет істейді, 411 оқушы білім алады.

  • Домбыра сыныбында – 332 оқушы
  • Қобыз, қылқобыз сыныбында-19 оқушы
  • Дәстүрлі ән сыныбында – 39 оқушы
  • Жетіген сыныбында – 21 оқушы

Жылда 70- ке жуық оқушылар қазақ халық аспаптар бөлімін бітіріп шығады. Оқушылар ұжымдық саздандыру сабақтарына да белсене қатысады, атап айтқанда «Балдаурен» ұлт аспаптар оркестрі (жет Стамғазы А.Ж.), «Елорда» камералық оркестрі (жет. Керейбаева К.О.) «Назқоңыр» дәстүрлі әншілер ансамблі (жет. Бейсенова Н.О.), «Бүлдірген» жетігеншілер ансамблі (жет. Самарханова Н.Б., Османова М.Б),  домбырашылар ансамбілдері-  «Көкжендет» (жет. Сыздыков А.К.), «Жас өрең» (жет. Ниханбаева Қ.Ж.), «Шабыт» (жет. Зайнуллинова А.Е.) өз жұмыстарын жүргізіп келеді, қалалық, мектепішілік іс-шараларда белсенді қатысып,  республикалық, халықаралық байқаулар лауреаттары атағына ие.

“Golden Sax ” ансамбілі

“Golden Sax ” ансамбілі   2018 жылы құрылған.

Жетекшісі Сауриков Дуйсембек Маматович.

   В 2019 ж. I – international fetival-contest   «Viva- musik» номинация бойынша үрмелі аспабтар ансамбілі  бас жүлде иеленді. Қалалық  іс-шараларға үнемі қатысады. 

«Шабыт» домбырашылар ансамблі

«Шабыт» домбырашылар ансамблі 2015 жылы қаланған. Елордамыздың көптеген іс-шараларына қатысып, қалалық, республикалық, халықаралық байқауларының жүлдегері. Ұжымның жетекшісі Зайнуллинова Айгуль Есентайқызы күйшілік мектептердің орындаушылық, көркемдік, ерекшеліктерін толық сақтай орырып, қазіргі заманауи талабына сай күрделі шығармаларын тыңдаушыларға жеткізуді мақсат етеді.

2019ж. Алматы қ. «Жеті өнер» ІІ Халықаралық балалар мен жасөспірім шығармашылық фестиваль- конкурсында «Бәйтерек» домбырашылар ансамблі І дәрежелі Лауреат жүлдесіне ие болды. Диплом

2019, 2020 жж  – Балалар музыка және өнер мектептері оқушылары арасында Н.Тілендиев атындағы Республикалық «ӨЗ ЕЛІМ» байқауы, Домбырашылар ансамблі жүлделі орындарға ие болды. 2019 ж Корея г. Сеул «FLOWERS OF LIFE» ІV Халықаралық байқау І орын дипломы

«AUEZ» вокалдық ансамблі

«AUEZ» ансамбілінің репертуары әр жыл сайын көптеген композиторлардың шығармаларымен толықтырылып отырады. Ансамбль құрылғалы әр түрлі  жанрдағы шығармалар орындалды. Оның ішінде халық әндері, классикалық әндер,  шетел композиторларының шағармалары, көптеген мерекелік іс-шараларда, конкурстарда және жыл сайын мектебіміздің есеп беру концерттерінде шырқалып келеді.

«AUEZ» ансамбльінің жетекшісі – Мерекеев Асхат Меирманұлы Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі.

1.Тюлембаева Даяна

2. Мурат Ариана

3. Еділ Раян

  1. Мусенова Мадина
  2. Мусаева Аружан

Эстрада вокал бөлімінің 5-ші сынып окушылары

  • Х – қалалық «Үміт жұлдыздары» эстрадалық вокал байқауы І-орын 2023 жыл
  • «ЖанDoStar» ІІІ Республикалық өнер фестивалі  І–орын 2023 жыл
  • «Жұлдыз» Республикалық конкурс-фестиваль ІІ – орын 2022 жыл

«Көкжендет» домбырашылар ансамблі

«Көкжендет» домбырашылар ансамблі 2019 жылы қаланған. Қалалық, Республикалық, халықаралық байқауларының жүлдегері. Ұжымның жетекшісі Сыздыков Арман Қайдарұлы.

2020, 2021, 2022жж  – Балалар музыка және өнер мектептері оқушылары арасында Н.Тілендиев атындағы Республикалық «ӨЗ ЕЛІМ» байқауы, Домбырашылар ансамблі жүлделі орындарға ие болды.

Халықаралық «Дала әуені» атты Балалар мен Жасөспірімдер арасындағы орындаушылар байқауында І орын жүлдегері.

І-Халықаралық «Түркі әлемі» түркі халықтарының балалар ансамбльдері байқауында 2орын жүлдегері.